A- A A+

Бүгінгі таңда миқан айналымының жіті бұзылысы өткір проблемалардың бірі. Мидағы қан айналымының жедел бұзылуы инсульт 2 түрге бөлінеді: ишемиялық инсульт – қанның ағысымен түскен атеросклеротикалық түйіндік немесе ұйыған қанның ми тамырларын бітеуі кезінде дамиды. Екіншісі геморрагиялық инсульт – қан тамырдың жарылуы кезінде пайда болатын ми ішіне қанның құйылуы.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту, Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру,өмірге жақсы көзқараспен қарауға,қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету және ең бастысы өз денсаулықтарын қадірлей білуге ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге сонымен қатар қант диабеті туралы білімдерін жетік меңгерту болды.

 Қызылша – өте жылдам таралатын вирусты жұқпалы аурулардың бірі. Бұрын қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен байланысқа түссе, ауырып қалу мүмкіндігі өте жоғары. 1963 жылы қызылшаға қарсы вакцина егуге және вакцина егу кеңінен тарағанға дейін, қызылша ауруының ірі эпидемиясы 2-3 жылда қайталанып, жылына 2,6 миллионға дейін өлім жағдайлары тіркелген.

 10 сәуір күні «Жатыр мойны қатерлі ісігінің» алдын алу мақсатында Казталов аудандық  ауруханасында және Бисен дәрігерлік амбулаториясында «Ашық есік» күндері өтті. Қыз –келіншектерге арнайы дәріс оқылып, бейне баяндар көрсетіліп, қатысушы тараптарынан қойылған сұрақтарға маман дәрігерлер жауап берді.Сонымен қатар қызылша ауруы туралы да түсінік жұмыстары жүргізіліп, үн парақшалар таратылды

 Аурухананың мерекелік безендірілген мәжіліс залында 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған іс – шара өтті. Бас дәрігер А.Т Джунисбеков аурухананың қызметкерлерін тамаша мерекемен құттықтап, барлық қызметкерлерге гүл шоқтарын табыс етті.

FaLang translation system by Faboba