A- A A+

Казталов аудандық ауруханасында 1946-2008 жылдар аралығында жұмыс жасаған медициналық қызметкерлерінің мәлімдемесі.

Тарихи анықтама

1933 жылға дейін аудандық денсаулық сақтау бөлімі қоршаған ортаны және денсаулық саласын қорғау инспекциясы болып аталған. Оның қарауында аудандық аурухана, санитарлық инспекция, 8 фельдщерлік медициналық бөлім жұмыс жасаған.

Аудандық денсаулық сақтау бөлімінің алғашқы меңгерушісі Исмагулов болған.

1933 жылдан-1957 жылға дейін Еңбекшілер депутаттары Фурманов аудандық кеңесі атқару комитетінің денсаулық сақтау бөлімі болып аталып келген.

1946 жылы Фурманов аудандық райздрав болған. Онда бас дәрігер Морозов жұмыс жасаған.

Морозовтан кейін 1957 жылы Ли Виталий Леонтивич бас дәрігер болып қызмет жасаған. Аудандық аурухананың бас дәрігері Ли В.Г.тағайындалған.

1957 жылдан-1995 жылға дейін аудандық денсаулық сақтау бөлімінің жұмысын аудандық аурухана атқарып келген.

Қазақ ССР Министірлер советінің 6 тамыз 1957 жылғы 53-ші Еңбекшілер депутаттары Орал облыстық Советі атқару комитетінің 16-шы тамыздағы 558-ші қаулысындағы және СССР денсаулық сақтау министірлігінің 33-ші бұйрығына сәйкесті аудандық денсаулық сақтау бөлімі таратылып, медицина мекемелеріне басшылық жасау аудандық аурухананың бас дәрігеріне жүктеледі.

Сол кезде акушер-гинеколог Дегтярова Нина Павловна жұмыс жасап, кейін 1958 жылдан 1965 жылға дейін бас дәрігер болып қызмет жасаған, «Еңбек қызыл ту» орденімен наградталған, 1965 жылы Облздравқа бас дәрігердің орынбасары болып ауысқан. Осы кезде Харченко Райса Петровна терапевт, фтизиатр болып 1946-1970 жылдары жұмыс жасаған.

1965-1966жылы Фурманов ауруханасын бас дәрігер Саханов Халиолла Саханович басқарды.

1967 жылы Мирзкий Ефим Гаврилович басқарды, жолдасы дәрігер-терапевт Мирзкая Антонина.

1970 жылы бас дәрігер Утебалиев Ермухан Дәулеткалиевич басқарған. Кейіннен Фурманов ауруханасында көп жылдар терапевт дәрігері болып жасап, жолдасы Исанбергенова Нағима акушер-гинеколог болған.

1973-1985 жылы бас дәрігер болып Құспанов Қайнеш басқарған.

1985-1988 жылға дейін Халелов Ефрим Сансызбайұлы басқарған, жолдасы Гулзада Нәсіпқалиқызы дәрігер-нарколог болған.

1988-1990 жылға дейін Абугалиев Нариман Абуғалиұлы басқарған.

1990-2001 жылға дейін Құспанов Қайнеш Қыдырбайұлы басқарып, 2001жылдан күні бүгінге дейін Рабаев Есенгелді Байзоллаұлы басқарып келеді.

1957 жылы Қабулов Салық Қабулұлы Алматы медициналық институтын бітіріп, жұмысқа келген. Фурманов аудандық ауруханасында ұзақ жылдар енбек еткен, ардагер Кабулов Салық Қабылұлы өз енбек жолын дәрігер хирургтан бастап бірнеше адамның өмірін ажалдан сақтап зейнеткерлікке шыққаннан кейінде өмірінің соңғы күніне дейін дәрігер рентгенолог болып,дәрігер онколог болып қызмет атқарды

1959 жылы бала дәрігері Сапарова Балымай Қабиқызы жұмысқа келген, ол кісі Саратов медициналық институтын бітірген. 1960 жылы дәрігер терапевт Жұмашева Светлана Мажитовна Алматы медициналық институтын тамамдаған. Сол жылдары Ларин Анатолий Павлович тіс дәрігері болған.

1960 жылы Какимжанова Мадина Фаризовна бала дәрігері, Едрисова Айман, Светлана Мажитова дәрігер-терапевт келген. Какимжанова Мадина «Еңбек Қызыл Ту» орденімен наградталған. Бастапқыда Жұлдыз участкелік больницасында, Көктерек участкелік амбулаториясында, Фурманов ауруханасында кейіннен Талдыапан участкелік больницасында жұмыс жасаған.

1961 жылы Акушер-гинеколог болып Құспанова Танзила Құспановна жұмысқа келген. Сол жылдары Фурманов ауданында қызмет еткен дәрігерлер:

Терапевт – Ондежевская, Жұмағалиев Марат, Макиенко.

Бала дәрігері – Макиенко.

Тіс дәрігері – Синельникова Нина Петровна, Синельников Борис әрі зуб техник болып жұмыс атқарған.

1974 жылы 31 желтоқсан айында Фурманов аудандық ауруханасы ашылған. Онда бас дәрігер болып Құспанов Қайнеш Қыдырбайұлы, бас дәрігердің орынбасары Тасболатова Хамида Батырхановна (көз дәрігері) жұмыс атқарған.

Құспанов Қайнеш Қыдырбайұлы 1993-2001 жылдар аралығында бас дәрігер болып жұмыс атқарған.

1994 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында Рабаев Есенгелді Байзоллаұлы Жалпақтал аудандық ауруханасына оташы-дәрігер болып жұмысқа орналасқан (Ақтөбе медициналық институтын бітірген), содан кейін 2000 жылдың маусым айында Жалпақтал отбасылық дәрігерлік амбулаториясында директор болып қызмет атқарды, 2001 жылдың тамыз айынан бастап Жалпақтал аймақтық ауруханасында бас дәрігер болып қызмет жасайды, “Шапағат” медальінің иегері.

2009 жылдан бастап МҚКК «Казталов аудандық ауруханасы» болып аталады. Директоры Рабаев Е.Б.2012ж жылдан бастап МҚКК Казталов аудандық ауруханасының директоры болды. Қазіргі уақытта Облыстық онкологиялық диспансердің директоры.

2012 ж жылдан бастап күні бүгінге дейін МҚКК Казталов аудандық ауруханасының директоры қызметін Джунисбеков Алмас Тоғайбайұлы атқарып келеді.

Жамбыл облысы Жанатас қаласында 1984 жылы 11 ақпан айында дүниеге келген.

2001 жылы Тараз қаласындағы № 37 мектепті үздік бітіріп, 2002 жылы Алматы медакадемиясына оқуға түскен. Оны қызыл дипломмен аяқтап жолдамамен Жалпақтал аудандық ауруханасына дәрігер хирург болып орналасқан.

FaLang translation system by Faboba