A- A A+

Казталов ауданының 2 – ауруханасы бойынша 2021 жылдың 6 айында тұрғындарға медициналық қызмет көрсету жөніндегі мәлімет

Казталов аудандық ауруханасында 22 жоғары білімді дәрігер, 110 орта буын медицина қызметкері жұмыс жасайды.

ШЖҚ МКК «Казталов ауданының 2-ауруханасына» қарасты 1 аурухана, 3 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 15 медициналық пункт қызмет көрсетеді.

Емханаға жоспарлы түрде қаралу бойынша ауысымына – 100 келу. Нақты сыйымдылық ауысымына – 248 келу.

ҚР Денсаулық Министрлігінің №606 бұйрығы аясында 0800- 2000 –ге дейін емхана халыққа қызмет атқарады. Тіркеу бөлімінде дәрігер қабылдауына алдын ала жазылу, дәрігерді үйге шақырту 21-3-03 телефон арқылы және www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асуда. Сонымен қатар 2018 жылдың 26 наурыз айынан бастап Облыстық денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасымен Казталов ауданының 2-ауруханасы бірыңғай цифрлық қызмет бойынша толықтай көшіп, яғни қағазсыз электрондық карта жүйесімен жұмыстануда.

ҚР Денсаулық Министрлігінің №666 бұйрығы бойынша 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер, жүкті әйелдер, артериалды гипертензия, жүрек аурулары, қан аздық, өкпе демікпесі, талма аурулары, қант диабеті және т.б аурулармен «Д» есептегі ересектер тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

Казталов ауданының 2- ауруханасы 58 компьютермен жабдықталған, бәріде ғаламтор желісіне қосулы.

Барлық медицина қызметкерлері РПН базасымен және Дамумед, АПП, ИСЛО, БГ. ЭРДБ,ЭРСБ,ЭРОБ, СУР, МЛАД, РБиЖФВ бағдарламаларын меңгеріп, толықтай үзіліссіз жұмыс істеуде.

Ауданаралық сауықтыру орталығына ем алуға жоспарланған 110 адам, күні бүгінге емделгендер саны- 80 адам, соның ішінде мүгедектер- 15адам.

Жоғары мамандандырылған сауықтыру оңалту орталығына барлығы- 7 кісі барды, соның ішінде Астанаға – 4, Алматыға - 2.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын орындау бағытында Казталов аудандық ауруханасы бойынша 2021 жылдың 6 айында біркелкі жұмыстар атқарылып келді.

Бағдарламаның мақсаты: еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық

дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайту.

Медициналық қамтуда барлығы 12598 тұрғын бар, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 4115, жасөспірімдер - 548, ересек адамдар – 9665.

Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер саны – 2586, 65 жастан жоғары адамдар саны – 906.

Дәрігерлер саны – 22, дәрігерлермен қамту көрсеткіші 10 мың тұрғынға шаққанда – 22,1; орта буын медицина қызметкерлері – 110, қамту көрсеткіші – 83,0.

2021 жылы 15 дәрігер, 40 орта буын медицина қызметкерлері оқыту орталықтарында өз білімдерін жетілдірді.

Биылғы жылы аудандық ауруханаға "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен 2 жалпы тәжірибелік дәрігері, медициналық колледждің түлектерінен – 5 орта буын медицина қызметкерлері келіп, қазіргі уақытта жұмыс істеуде.

ҚР ДС саласының №927 07.12.2017 жылғы бұйрығы бойынша медицина қызметкерлері қағазбастылықтан ауысып , автоматты – акпараттық жүйсімен жұмыс істеуде. Қазіргі кезде 3 дәрігерлік амбулатория және 4 фельдшерлік- акушерлік пункт интернет жүйесімен толық қамтылды, бірақ интернет жүйесінің күші ауылдық жерлерде айтарлықтай емес.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілуіне байланысты жыл бойына халық арасында түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде, әлеуметтік желілерде және жергілікті баспасөзде жариялануда.

Аудандық емхана, барлық дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттерде күндізгі емханалар мен үй жайындағы стационарлар жұмыс істеуде.

2021 жылдың 6-айында күндізгі емханада – 1079 адам, ауруханада – 431адам, үй жайындағы стационарда 234 науқас емделіп шықты.

Негізгі медициналық – демографиялық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

6 ай 2020 ж.

6 ай

2021 ж.

1

Туу корсеткіші 1000 тұргынға шаққанда

112- 7,8

119-8,3

2

Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 1000 тұргынға шаққанда

56- 3,9

46 – 3,2

3

Тұргындардың табиги өсімі

56 – 3

,9

117 - 8,2

4

Сәби өлімі

0

1 – 8,4

5

Ана өлімі

0

0

6

Қатерлі ісік ауруларымен аурушаңдық қөрсеткіші 100 мың тұргынға шаққанда

10 – 69,8

10 – 69,7

7

Қатерлі ісік ауруларының өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұргынға шаққанда

5 – 34,9

5 – 34,8

8

Туберкулез ауруымен аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұргынға шаққанда

2 – 13,9

3 – 20,9

9

Туберкулез ауруымен өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұргынға шаққанда

0

0

10

Жүрек-қан тамырлары ауруымен аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұргынға шаққанда

157 – 1097,2

141 – 984,1

11

Жүрек-қан тамырлары ауруымен өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұргынға шаққанда

13 – 90,8

12 – 83,7

12

Жарақаттанудан өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұргынға шаққанда

6 – 41,9

2 – 13,9

13

Флюорография жоспары

орындалуы

6778

6773- 99,9%

6572

6550 – 99,9%

Коронографиядан 2021ж 6 айда- 5 адам өтті. Стенттеуден 2021 ж 6 ай- 4 адам, протездеуден – 1 адам өтті.

Маусым айында ауданға Орал қаласынан жылжымалы флюорографиялық қондырғысы келіп, кесте бойынша елді-мекендерді аралап тұрғындарды флюорографиялық тексеруден өткізді. Барлығы 2610 адам флюорографиялық тексеруден өткізілді, флюоро(+) анықталғандар саны - 22, туберкулез ауру анықталған жоқ.

Арнайы шакырту бойынша халыққа оңтайлылық орнату мақсатында 23.08.2021-30.08.2021жж аралығында ЖФТ машинасы келді.Жоспарланған барлық тұрғындар өткізілді

2021 жылдың 6-айындағы өлім-жітім көрсеткішінің жіктелуі:

- бірінші орында -жүрек-қан тамырларының аурулары - 12 адам

- екінші орында - ас қорыту жүйесінің аурулары – 8 адам.

- үшінші орында – нерв жүйесінің аурулары – 7 адам

- тыныс алу жүйесінің аурулары – 7 адам

2021 жылдың 6 айындағы скринингтік тексерудін орындалуы

   

Жылдық жоспар

өткені

анықталғаны

сауықтырылғаны

1

Жүрек –қан тамырларының аурулары

1350

726 – 53,7%

59 – 8,12%

 

2

Қант диабеті

1350

726 – 53,7%

7 - 0,96%

 

3

Глаукома

1350

726 – 53,7%

7 - 0,96%

 

4

Тоқ іщек катерлі ісігі

837

747- 89,2%

2 - 0,26%

 

5

Сүт безі катерлі ісігі

759

632- 83,26%

15 – 2,37%

 

6

Жатыр мойыны қатерлі ісігі

578

403 – 69,7%

99 -24,5%

 

7

0-17 жастағы балалар скринингі

4283

2646 – 60,6%

377 – 14,4%

199– 852,74,6%

Д есепте – 178(52,01)

Короновирус инфекциясымен күні бүгінге дейін 280 науқас тіркелді. Соның ішінде вакцина алып ауырып қалғаны – 19. 1этап вакцина алғаны – 11.

2этап вакцина алғаны – 4.

Короновирус инфекциясынан өлім-жітім – 2 кісі тіркеліп отыр. Екеуі де вакцина алмаған науқастар.

Жазылып шыққаны – 241.

1 этап вакцина алғандар саны -3404

2 этап вакцина алғандар саны -2834

«Д» есепте тұрған науқастар - 364

2021 жылға жоспарланған өзекті шаралар:

1. Тұрғындар арасында аурудың алдын алу бағытында жоспар бойынша скринингтік тексеру жұмыстарын жүргізу.

2. Созылмалы аурулармен тұратын науқастарды Аурулардың өзі-өзі басқару бағдарламасы бойынша қамтылуын арттыру.

3. Жылдық жоспар бойынша тұрғындарды флюрографиялық тексеруден өткізу.

4. Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында тұрғындар арасында жоспар бойынша профилактикалық екпе жұмыстарын жүргізу.

5. Тұрғындар арасында ЖРВИ,КВИ ауруларының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

6. Халыққа вакцина алудың маңыздылығы жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

7. Жас мамандарды әлі де толықтыру мақсатында жұмыстану.

Директор Н.В Васильева

 

1) «Дәрігердің қабылдауына жазылу», «Дәрігерді үйге шақырту»,   «Медициналық – санитариялқы алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту»,  « Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызметтері  28 сәуір 2015ж  № 281 бұйрық та көрсетілген.

2) «Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттеоге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру», «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру», «Санаторийлік және курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру »  мемлекеттік қызметтері  29 қыркүйек 2015ж  №761 бұйрықта көрсетілген.

3) «Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және ағзаларын алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу»  мемлекеттік қызметі 18 мамыр 2015ж № 360 бұйрықта көрсетілген.

4) «Жедел медициналық көмек көрсету» мемлекеттік қызметі 3 маусым 2017 ж № 450 бұйрықта көрсетілген.

5) «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты  30 маусым 2015ж №  544 көрсетілген.

6) «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» , «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметтері 31 наурыз 2015ж № 183 бұйрықта көрсетілген.

7) «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2009 жылғы 11 қарашадағы N 691 Бұйрығы

FaLang translation system by Faboba